О

lat: O /966/

есім. 1. О+ны, о+ның, о+лар, о+ған, о+дан, деген сияқты т.б. сөздердің түпкі түбірі.

Белгілі бәрі де, Тарихтан белгілі,

Мен оны қайталап жатпаймын.

Мақтаймын туымды, гербімді,

Отаным Қазақстанды мақтаймын! (1,314).


Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем (1,151).


2. «Ол» есімдігінің сөйлеу кезігдегі ықшамдалып қолданылуы.


Тәбәрік боп балаға, немереге,

Сусар бөрік о да тұр керегеде.

Төңкеріліп қалыпты төстемірі,

Отқа күйген қожалық бөренеде (1,297).


Дала, дала... Сардала сағым ұшқан,

Аумайды-ау, түпсіз терең сағыныштан.

О шеті мен бұ шетін айыра алмай,

Құстар да бағытынан жаңылысқан (2,346).